Бүгiн 14-наурыз Амал мерекесi. Өкпе, ренiштi ұмытып, төс түйiстiрiп, қол алысып көрiсетiн күн. Ұлыстың ұлы күнi құтты болсын! Баршаңызға құт береке, сәттілік пен табыс, қуаныш пен бақыт, денсаулық пен күш жігер, мереке мен шаттық, мейірім мен махаббат, құрмет пен абырой , игілік пен биіктік, байлық пен қанағат тілеймін. Шаңырақтарың шаңыраққа жалғасып өрісіңіз кеңейгей. Аналық пен əкелік парызыңыз алдыңыңыздан еселеп қайтып, мәуелі ағаштай жемісті болғай. Ұлдарыңыз алып қырандай, белі қайыспайтын шынардай болсын. Қыздарыңыз періштедей пəк таза, еліктей нәзік болсын. Тілегіңізді Алла қабыл қылғай. Дастарханыңыз ас мəзіріне, жүрегіңіз жақсылыққа толы болғай. Жыл құтты болсын!!! Жаңа жастарыңыз құтты болсын!

Сұрақ қою