Білгенге маржан!!!

Текемет – сәндік-қолданбалы өнер туындысы, бетіне түрлі түсті ою-өрнек басылған киіз үй жиһазы.

Текеметтің туу тарихы мен оны жасау технологиясы қазақтың ерте дәуірдегі (біздің заманымыздан бұрын. 6 – 5 ғасырлар) өмір-тұрмысынан тамыр тартады. Әсіресе, көшпенділер өмірінде Текеметтің алатын орны өзгеше болған: ол қазақтың дәстүрлі баспанасы – киіз үй ішіне жылылықпен қатар әсемдік те әкеліп әрі киіз үйдегі адамдарды астынан өтетін сыздан қорғап, аурудың алдын алу рөлін де атқарып отырған. Көшпенділер өмірінде жасалуы жағынан оңай болмағанымен, олардың өмір-тұрмысында қолдануға ыңғайлы Текемет бетіндегі түр-түс үйлесімі мен ою-өрнекті орналастырудағы тәсілдер халықтың ертедегі мәдениеті мен дүниетанымынан хабар береді. Осыған орай Текеметке ою-өрнек пен түр салудағы тепе-теңдікті қатаң сақтау қағидасы қазақ халқының ерте замандағы дүниетанымдығын айқын аңғартады.

Сұрақ қою