«Қаражал тау-кен техникалық колледжінің»

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
мақаласын жүзеге асыру мақсатында атқарылған
іс-шаралары

«Қаражал тау-кен техникалық колледжінде» Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын түсіндіру, насихаттау, талқылау және іске асыру бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды.
Мақалада көрсетілген «Тәрбие және білім» бағдарламасы аясында «Саналы азамат» негізгі бағыты бойынша Қаражал тау-кен техникалық колледжінде «Ұлы дала жастары» атты жоба жасалып, бекітілді.

 

2020 жылдың сәуір – қараша айларында колледждің барлық 1 курс кураторлары «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына арналған тәрбие сағаттарын өткізді. Мақаланы талқылауға арналған отырыстар, пікірталастар (тақырыбы: «Латын тіліне көшу бәсекелестікке қабілеттіктерді арттыра ма?», «Рухани жаңғырудың жарқын жолы», «Прагматизм», «Туған жерге  туыңды  тік», «Ұлттық код»), дөңгелек үстелдер (тақырыбы: «Жарқын болашақ бағдары «, «Н.Назарбаев: «реализм мен прагматизм ғана таяу онжылдықтардың ұраны болуға жарайды» деген пікірмен қаншалықты келісесіз?», «Бәсекеге қабілеттілік», «Мәдени-географиялық белдеу»), презентациялар  («Жанында жүр жақсы адам», «Білімнің салтанат құруы»)  өткізілді.

 

Сәуір күні студенттер арасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын түсіндіру мақсатында кездесулер ұйымдастырылды. Барлық кездесулерге Қаражал қаласының жастар саясаты мәселелері саласының өкілдері қатысты.

 

Мамыр айында студенттермен колледж оқытушылары бірлесе «Туған жерге туың тік» атты көрініс ұйымдастырды.

 

Қыркүйегінде «Мәңгілік тіл – мәңгілік ел» атты шара ұйымдастырылды.  Шара барысында студенттер латын әліпбиіне көшу   туралы пікір алысты.

 

Қыркүйек айында колледж студенттерінің қатысуымен «Ұлттық бірегейлікті сақтау» тақырыптарында кураторлық сағаттар өткізілді.
Қазан айында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын түсіндіру мақсатында кездесулер ұйымдастырылды. Кездесу барысында Жастар ресурстық орталығының өкілдері тренинг ұйымдастырып, студенттердің пікірлерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді.
Қараша айында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында қаламыздың орталық кітапханасында көрме өткізілді. 30 қарашада Елбасы Жолдауын кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген қалалық шығармалар байқауында 3 курс студенті Апендин Аманжан (кураторы Тиыштықбаев) жүлделі 2-орынды иеленді.

Қаңтар айында А.Құнанбаевтың 175 жылдығына орай орталық кітапхананың ұйымдастыруымен өткен «Абай-дара,Абай- дана» Абайдың қара сөздерін жатқа оқу сайысынан 3-ші курс студенті Апендин Ж. жүлделі 23-ші орынды иеленді. Тарих пәнінің оқытушысы Е.Жақаев алғыс хатпен марапатталды.

Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласы аясында жəне Қаражал қаласының 55 жылдығына  "Жыр жазамын жүрегімнен"атты жас ақындар мүшəйрасы жастар ісі жөніндегі бөлім мен орталық кітапхананың  ұйымдастыруымен өткізілді. Байқау барысында жас ақындар өз шығармашылығынан Қаражал қаласының 55 жылдығына жəне еркін тақырыпта шығарған жырларын оқыды. 3-ші курс студенттері Жолдыбаева Жадыра мен Кемалов Мұхит алғыс хаттармен марапатталды.

Желтоқсан айында колледж студенттері, жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен сурет көрме сайысы өткізілді. Тəуелсіздік күні қарсаңында Елбасының "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында "Жаныңда жүр жақсы адам" атты кездесу өтті. Кездесу қонақтары ақын Ильясов Толеухан жастарға ғибратты əңгімелерін айтып, поэзия оқып, студенттер өз өнерлерін көрсетті.
Желтоқсан күні кураторлардың ұйымдастыруымен 1-курстар арасында «Патриоттық әндер кеші» өтті. Патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту, студенттердің бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру мақсатында 15 желтоқсанда "Болашаққа бағдар; Рухани жаңғыру" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Айтылған ақпараттарды қорытындылау мақсатында топ студенттерін үш топқа бөліп, интеллектуалды ойын ұйымдастырылды, тапсырмалар студенттердің баяндамаларынан алынды.
Қазақстан тарихы пәнінің оқытушысы Жакаев Е. келесі тақырыптарда мақала жазып, баяндамалар жасады:

1. «Рухани құндылықтар қалыптасуындағы діни танымның ролі» тақырыбында баяндама «Зайырлылық. Ұлттық құндылық. Жоғары руханият» атты конференциясы

Кураторлар Кеңесінің ұйымдастыруымен Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында  ақпан айында колледждің акт залында «Бәсекеге қабілетті маман даярлау – заман талабы» тақырыбында топ кураторлары арасында дөңгелек үстел өткізілді. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет беріліп, «Өндірістің қажеттілігіне қарай мамандар дайындау-уақыт талабы.

Сұрақ қою